«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ағымдағы жылдың 5-і қаңтар күні Іле орманшылығының телім бастығы Базарбеков Дидар Қыйбадатұлы кезекшілік барысында Үлкен Қалқан тауынан ең ірі жыртқыш құс құмайды кездестірген. Бұл құс әдетте бірден немесе жұбымен кездеседі. Ерекшелігі отырықшы құс. Жұбы көп жылдар бойы сақталады. Ақпан-наурыз айларында 1-2 жасылдау-ақ түсті қоңыр дақты жұмыртқа салады. Шайқау шамамен 50 күнге созылады, балапандары ұяда шілденің басына дейін қалады.