Ұлттық парк қызметкерлері Ұзынбұлақ тау шатқалына орнатқан фототұзаққа екі тас сусары түсті. Бұл сусары ҚР Қызыл  кітабына енгізілге, сирек кездеседі, мемлекеттік инспекторлардың сауалнамалық мәліметтері бойынша паркте 16 тас  сусары мекендейді. Алдағы уақытта парк мамандары қар барысын, Тянь-Шань қоңыр аюын, Түркістан сілеусінін және басқа да сирек кездесетін жануарларды фототұзаққа  түсіруге үмітті.