2019 жылдың 3-5 қыркүйегінде Катонқарағай ауданы, "Катон – Қарағай" биосфералық резерватында Орталық Азия және Ресей елдерінің биосфералық резерваттарының жас мамандары үшін "Биосфералық резерваттар - қоғам мен қоршаған ортаның үйлесімді дамуының үлгісі ретінде" атты тақырыпта далалық мектеп өткізілді. 02.09.19 ж. бастап 06.09.19 ж. дейін биосфералық резерват базасында іс-шараға ТМД биосфералық резерваттарының өкілдері: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан, сондай – ақ Алматыдағы Юнеско бюросының директоры-К. Пиккат және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі қатысты.

Далалық мектебтің бағдарламасы аясында биосфералық резерваттармен танысу, дискуссия, экскурсия және Катон-Қарағай биосфералық резерватының серіктестерімен кездесулер, интерактивті сессия, мектеп қатысушыларымен ЛПД (Лима іс-қимыл жоспары) бойынша тапсырмаларды орындау және өз жобаларын ұсыну, трансшекаралық биосфералық резерваттың "Шекарасыз Алтай табиғаты" фотокөрмесі және "Катон-Қарағай"БР өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.