«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірнеше айырмашылығы бар. Паркте саяхатшылық экологиялық бағыт түрінде дамуда. Сондай-ақ, паркке келген қонақтарды жол көрсетушілер белгіленген соқпақтармен аралатып, таныстырады. Саяхатшылық негізінен, танымдылық және экологиялық бағытта жүргізіледі, яғни жаппай рекреациялық емес. Сол себепті парк аумағы таза және рұқсатсыз ешкім кірмейтіндіктен, келген қонақтар өздерін жайла сезіне алады. Ұлттық паркте туристерге арналған инфрақұрылымдық кешендер бар. Атап айтқанда, қонақүйлер, саяхатшылық соқпақтар, сапалы көлік жолдары – осының бәрі келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету үшін жасалған. Сонымен қатар, «Алтынемел» ұлттық паркі еліміздегі шөлді аумақта орналасқан жалғыз парк болып саналады. Барлық жерлерде Іле жазығындағы көптеген ландшафтарды көруге болады. Олар: таулар, жазықтар, тоғайлар, сонымен қатар, қарақұйрық, құлан үйірлерін де көптеп көруге болады.

 

Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында 3 – саяхатшылық соқпақ бар.

 

 №1. Автокөлік-жаяу; Басши-Ошақтас-Тораңғы сайы-Ш.Уалиханов  бастауы-Айғайқұм.

№2. Автокөлік-жаяу; №1бекет-Таңбалы тас (тастағы суреттер)-Бесшатыр қорғаны.

№3. Автокөлік-жаяу; Басши-Қосбастау бекеті (700жылдық ағаш)- Қату және ақтау таулары.

 

Саяхатшылық соқпақтар жолында үлкен билбордтар, нұсқаушы тақтайшалар, бақылау алаңдары, демалыс орындары, көлік тұрықтары, дәретхана, қоқыс жәшіктері орнатылған. Келген қоанқтарды қабылдау үшін 50 орынға арналған 6 қонақ үй, 4 шатыр тігетін алаңқай, сондай-ақ, қонақ үйлерде ыстық тамақ әзірленеді. «Шыған» бекетінде ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымызды насихаттайтын –этноауылымыз ашылған. Қазіргі таңда Бесшатыр қорғандарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізуліде. Бұл - болашақта қорғандарды сыртынан ғана көріп қана қоймай, ішіне кіріп, нағыз сақ қорғандарының қандай болғанын көруге улкен мүмкіндік болмақ.      

    

Бізге келетін саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін Алматы қаласында қосымша кеңсеміз жұмыс жасайды.

 

Маршруттар

№ 1 МАРШРУТ

 

(Басши ауылы («Алтынемел» қонақ үйі )- «Шыған» кордоны ( қонақ үй)- «Мыңбұлақ»

кордоны – «Ошақтас» тас сөрелері – «Шоқан Уəлиханов» бұлағы – «Айғайқұм» табиғи

ескерткіші)

  1. Кіру – Басши аулындағы МҰТП кеңсесі арқылы
  2. Маршрут ұзақтығы (екі жағына) – 100 км
  3. Жүріп өту уақыты (аялдамалармен қосқанда) – 3,5 сағ.
  4. Нысандардың ара қашықтығы:
  • Басши ауылы – «Шыған» кордоны (қонақ үй) – 8 км;
  • «Шыған» кордоны (қонақ үй) – «Мыңбұлақ» кордоны– 30 км;
  • «Мыңбұлақ» кордоны – «Ошақтас» тас сөрелері – 2 км;
  • «Ошақтас» тас сөрелері – «Тораңғы» тоғайы - 7 км;
  • «Тораңғы» тоғайы – «Ш.Уəлиханов» бұлағы - 1,5 км;
  • «Ш.Уəлиханов» бұлағы – «Айғайқұм» табиғи ескерткіші – 1,5 км;
  • «Айғайқұм» табиғи ескерткіші – Басши ауылы – 50 км;
  1. Маршрут түрі – автомобильді - жаяу, жылбойы;
  2. Маршрут бойынша қонақ үйлер саны– 2 :
  • Басши аулындағы «Алтынемел» қонақ үйі – 12 орын, автотұрақ, 2 орынды

нөмірлер, шатырларға арналған орындар, 4 душ, 4 əжетхана, тамақтануға

арналған бөлме, ас үй, теледидар, 3 түрлі тамақтандыру, ланч-бокстер;

  • «Шыған» қонақ үйі – 9 орын, оның ішінде 3 орынды нөмірлер – 1 нөмір, 4 орынды –1 нөмір, 2 орынды – 1 нөмір, 2 душ, 2 əжетхана, тамақтануға арналған бөлме, ас үй, 3 түрлі тамақтандыру, 8 орынға арналған шатыр;
  • «Шыған» жəне «Мыңбұлақ» кордондарында шатырлар орнатуға жəне өз бетінше түнеуге арналған орындар бар;
  1. Демалыс жəне тамақтану орындары – 3 («Шыған» кордоны, «Мыңбұлақ» кордоны бекеті, «Ш.Уəлиханов» бұлағы.

 

 

Айғайқұм

 

Ұлттық парк аумағында, Іле жазағында тарихи-мәдени ескерткіштерден басқа табиғи туындылар да жақсы сақталған. Солардың бірі шағыл құмдардан құралған – «Айғайқұм» табиғи ескерткіші. «Айғайқұм» Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасында тастақты жазықта орналасқан. Жалпы аумағы 240 га болатын құм негізгі екі бөліктен тұрады. Оңтүстік құмның биіктігі -150 м, ал солтүстік құмның биіктігі- шамамен 100м, абсолюттік биіктігі-600-650 м. Құмның оңтүстік бөлігінде таза шағыл құмдар арасында өсімдіктер өспейді. Оңтүстік бөлігіндегі құмның тік болғаны соншалық, оған шығу мүмкін емес. Көптеген ғалымдар Айғайқұмның пайда болу себебін шешуге тырысып, оған зерттеулер жүргізген. Алайда, әлі күнге дейін Айғайқұмның пайда болуы жұмбақ болып, халық арасында құмның пайда болуы туралы көптеген аңыздар таралуына негіз болды. Тағы бір қызығы, қатты желді күндері құмнан ұшақтың дауысына ұқсас дыбыс шығады. Құмның дыбыс шығаруына байланысты көптеген аңыздар да пайда болған. Қазіргі таңда «Айғайқұм» көп халықтың таңдауы бойынша Қазақстанның жеті кереметіне енген және мемлекеттік маңызы бар табиғи ескерткіштер мәртебесі берілген.

 

 

Ошақтас ескерткіші

 

Ошақтас ескеркіші Қалқан тауының жазығында орналасқан. Ошақтас шамамен бірнеше, биіктігі 2 м болатын тастардан тұрғызылған. Қазіргі таңда біраз тастары мүжіліп, құлап, тек үшеуі ғана қалған. Аңызға сенер болсақ, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің орта Азияны жаулап алу жорығында осында болған деседі. Сол кезде ол өзінің қалың қолын тамақтандыру үшін үлкен тастарды қойып, үстіне қазан орнатқан. Екінші болжам-ертедегі адамдар соғыс кезінде Ошақтастың ішіне от жағып, белгі беру мақсатында орнатқан деген болжам бар.

 

 

Ш. Уалиханов бастауы

 

Кіші Қалқан тауының етегінде Ш. Уалиханов бастауы бар. 1856жылы ұлы саяхатшы Ресейден Қашқарға жасаған саяхатында қазіргі парк аумағын басып өткен. Ол күнделігінде бастауға тоқтағаны және су ішкені туралы жазып қалдырған. Содан болар, жергілікті халық бұл бастауды қастерлі деп кие тұтады және суын көп ауруларға шипа болады деп есептейді.

 

 

№ 2 МАРШРУТ

 

(№1 бекет – «Тайғақ» кордоны (2 қонақ үй) – «Теректі» шатқалы (тасқа салынған суреттер – «Таңбалытас» – «Жантоғай» кордоны («Жантоғай» кардоны – «Бесшатыр» сақ қорғандары)

  1. Кіру – Шеңгелді ауылы арқылы
  2. Маршрут ұзақтығы (екі жағына) – 104 км;
  3. Жүріп өту уақыты (аялдамалармен қосқанда) – 5тен 7 сағ дейін;
  4. Нысандардың ара қашықтығы:
  • №1 бекет – «Тайғақ» кардоны (қонақ үй) –7 км;
  • № 1 бекет – «Теректі» шатқалы («Таңбалытас» петроглифтері) – 17 км;
  • «Таңбалытас» петроглифтері – «Жантоғай» кордоны (жеке қонақ үй) – 15 км;
  • «Жантоғай» кордоны (жеке қонақ үй) – «Бесшатыр» сақ қорғандары – 18 км;
  • «Бесшатыр» сақ қорғандары – №1 бекет – 40 км

5.Маршрут түрі – автомобильді – жаяу, жыл бойы

6.Маршрут бойынша қонақ үйлер саны– 3 :

  • «Тайғақ» 1 қонақ үйі – авто тұрақ, 8 орын (жеке душ жане əжетханасымен екі 2 орынды нөмірлер, бір 4 орынды нөмір), камині бар түскі ас ішетін зал, ас үй, 3 түрлі тамақтандыру, кешкі уақыттан бастап автономды электрлі қоректендіру күртелер.
  • «Тайғақ» 2 қонақ үйі – авто тұрак, 8 орын (төрт 2 орынды нөмірлер), 1 душ, 1əжетхана, камині бар түскі ас ішетін зал, ас үй, жазғы дəліз, 3 түрлі тамақтандыру, монша (жеке тапсырыс бойынша), кешкі уақыттан бастап автономды электрлі қоректендіру күртелер.
  • «Жантоғай» қонақ үйі – авто тұрақ, 5 орын, əжетхана, 1 душ, ас үй, түскі ас ішетін зал, монша (жеке тапсырыс бойынша).
  1. Демалатын жəне тамақтанатын орындар – 3 (№1 бекет, «Тайғак» кордоны жəне «Жантоғай» кордоны)

 

 

Бесшатыр қорғаны

 

Б.д.д II ғасырда сақтарды үйсіндер ығыстырып, қазіргі парк аумағында әр түрлі кезеңдерді қамтитын тарихи ескерткіштер осылай пайда болған.  Ең көне ескерткіш-темір ғасырына жататын - Бесшатыр қорғаны. Матай тауының етегінде орналасқан бұл қорғандар үлкенді-кішілі ораташа 31 қорғаннан құралған. Ең үлкен қорғандар- хандарды жерлеуге арналған, оның диаметрі -104 метр, биіктігі-18 метр.  Орта қорғандар әскер басшылары және басқа да лауазымды тұлғаларға, ал кіші қорғандар қарапайым әскери адамдарға арналып салынған. Қорғандарды қазып, оларды зерттегенде әт түрлі бұйымдар табылған: ыдыс-аяқтар, қалқан, қылыш, қанжар және т.б.Зерттеу барысында қорғандар салуда олардың ішіне Тянь-Шань қарағайлары қолданылғандары белгілі болған, қорғанның жан-жағы биіктігі 2метр болатын тастармен қоршалған.

 

Таңбалы тас

Ұлттық парк аумағында тағы бір тарихи ескерткіштерге жататын-тастағы таңбалар. Тастағы таңбалар сонау темір дәуірінен бастап қола, орта ғасырларды қамтиды. Суреттерге қарап, аумақта қандай тайпалардың өмірсүргендігі және олардың тұрмыс-тірішлігін, салт-дәстүрін, діни-нанымдарын байқауға болады. Суреттерде көбінде жаяу немесе қолына қару ұстаған адамдар бейнеленген. Олардың садақпен архар, тауешкі, бұғы аулаған және өзара қарумен шайқасқан суреттері көп таралған. Ең қызығы –Тайғақ шатқалынан табылған Буддалық жазу. Тағы көп таңбалар негізінен Қараеспе, Теректі, Тайғақ және Қызылауыз сайларында шоғырланған. Соған қарағанда, бұл жерлер сол дәуірдің адамдары үшін қолайлы болғанға ұқсайды.

 

 

№ 3 МАРШРУТ

 

(Басши ауылы («Алтынемел» қонақ үйі) – 700 жылдық тал («Қосбастау» кордоны) – «Қату тау» лава таулары – «Ақтау» борлы таулары)

  1. Кіру – Басши аулындағы МҰТП кеңсесі арқылы ;
  2. Маршрут ұзақтығы (екі жағына) – 170 км;
  3. Жүріп өту уақыты (аялдамалармен қосқанда) - 6,4 саг;
  4. Нысандардың ара қашықтығы :
  • Басши ауылы («Алтынемел» қонақ үйі) – «700 жылдық тал» («Қосбастау» кордоны) – 30 км;
  • «700 жылдық тал» («Қосбастау» кордоны) – «Кату тау» лава таулары – 40 км;
  • «Қату тау» лава таулары – «Ақтау» борлы таулары - 20 км;
  • «Ақтау» борлы таулары – Басши ауылы - 80 км;
  1. Маршрут түрі – автомобильді – жаяу, жыл бойы;
  2. №3 турмаршрут бойынша қонақ үйлер – 3.
  • Басши ауылындағы «Алтынемел» қонақ үйі – 12 орын, авто тұрак, екі 2

орынды нөмірлер, шатыр тігуге арналған орындар, 4 душ, 4 əжетхана,

тамақтануға арналған бөлме, ас үй, теледидар, 3 түрлі тамақтандыру, ланч-

бокстер;

  • «Қосбастау» кордоны мен «Ақтау» тауларының астында демалатын жерлерде

шатыр тігетін, өз бетінше тамақ дайындайтын жəне түнейтін жерлер бар.

  1. Демалатын жəне тамақтанатын жерлер - 2 («Қосбастау» кордоны, демалатын жерлер «Актау» тауларының астында).

 

 

Ақтау таулары

 

Ақтау таулары – ұлттық парктің тамаша табиғи жерлерінің бірі.Ақтау таулары ежелгі теңіздің тартылу әсерінен пайда болған жерлер. Теңіздің тартылу нәтижесінде көптеген әдемі сайлар, шатқалдар пайда болған. Әсіресе, түрлі-түсті түске боялган тау көрінісі көрген адамды басқа әлемге тап болғандай әсерде қалдырады. Тау әртүрлі бояуларға боялған, атап айтқанда, үсті – қызыл, ортасы - қызғылт, етек жағы – сары түсті болып келеді. Биіктігі – 100 м, жалпы ауданы – 50кв/км. Бұл жерлерді зерттеу барысында көптеген ежелгі жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары табылған. Табылған қалдықтарға қарап, бұл жерлерде шамамен осыдан 50 млн жыл бұрынғы кезеңді қамтитын қолтырауын, тасбақа, алып мүйізтұмсық т.б мекен еткендері анықталған. Толықтай сақталған бронтотерия мен үш тасбақаның қаңқалары 1995-1997 жж. аралығында Қазақстан – Америка бірлескен зерттеу жұмыстары барысында табылған. Табылған ағаш діңі, жапырақтарға қарап, бұл жердегі ағаштар қазіргі осы аймақта өсетін өсімдіктердің арғы тегі екені анықталған.

 

Қату тауы - ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған. Жанартаудан аққан ыстық лавалардың қату әсерінен бұл жерлерде әртүрлі формадағы тастар пайда болған. Сондай-ақ, бұл жерлердің рельефінің әртүрлілігіне байланысты таулар жасыл, қызғылт т.б түстерге боялған. Осындай ерекше жаратылыс тауға ерекше көрік беріп тұр. Бұл жерлерде су болмағандықтан тастардағы архар, тау ешкі, бұғы сондай-ақ үй жануарларының суреттеріне қарап, ежелде адамдар мекендегенін байқауға болады. Жартастардың арасында ежелгі  жабайы адамдар тұрған үңгір бар. Үңгір қашалып, формасы айыр ағашқа ұқсатылған, соған қарап олар христиан болған деген тұжырым бар. Үңгір орта ғасырда жасалғандықтан бұл жерлерде шамандар да болуы мүмкін.

 

 

700жылдық ағаш

 

Ұлттық парк аумағында жылы су ағатын родон бұлақтар бар. Бұл жерлерде өте үлкен тал ағаштары өседі. Родон судың емдік қасиеті бар және көп ауруларға ем деп есептеледі. Осындай сайлардың бірінде, Қосбастау бекетінде 700жылдық алып ағаш өседі. Алып ағашты қатарынан тұрып 10 адам құшақтай алады. Аңызға сенер болсақ, 12 ғасырда Шыңғыс хан өзінің Орта Азияны жаулап алу жорығында осында болған деседі.

 

Бағалар

 

Баға көрсеткіш (тәулігіне):
1. Ұлттық парк аумағына кіру (маршрут, жаяу жол, бивуак далашықтар беру)-адам басына 800тг+0,1 АЕК (барлық елдің азаматтарына);

  1. Жеңілдіктер: мектеп оқушылары-50% (400тг+0,1АЕК), студенттер-25% (600тг+0,1АЕК) тиісті құжаттары бар болғанда, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер-тегін;
  2. Жол сілтеуші алып жүруі - 1000тг, туристтік барлық тобына;
  3. Автокөлікпен кіруге төлем (джип, жеңіл көлік, автобус) (автотұрақ беру)-200тг автокөліктен;
  4. 1 адам (тәулігіне) -800 тг+0,1АЕК (ЕҚТА кіру РК Салық кодексінің 510 бабы.)

 

 

Қонақ үй атаулары

«Алтынемел»-5000тг (адам басына)

 «Шыган»-2500тг (адам басына)

 

«Тайгак 1,2»-3700тг (адам басына)

 

«Жантогай»-2500тг (адам басына)

 

Орналасуы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы.

 «Алтынемел» МҰТП –ң аумағында

«Алтынемел» МҰТП –ң аумағында

Сиымдылығы

Сиымдылығы – 2 орынды 6 нөмір,барлығы 12 орын.

Сиымдығы-9орын, оның ішінде 4орынды-1нөмір, 3орынды-1нөмір, 2орынды-1нөмір.

Сиымдылығы -16орын.

Сиымдылығы -5орын.

Тамақтандыру 1адамға

Таңғы ас-500тг

Түскі ас-1500тг

Ланчбокс-1500тг

Кешкі ас-1000тг

Таңғы ас-500тг

Түскі ас-1500тг

Ланчбокс-1500тг

Кешкі ас-1000тг

Таңғы ас-500тг

Түскі ас-1500тг

Ланчбокс-1500тг

Кешкі ас-1000тг

Таңғы ас-500тг

Түскі ас-1500тг

Ланчбокс-1500тг

Кешкі ас-1000тг

 

 

Регламент посещений

МҰТП аумағында жол берілмейді:

 

  1. МҰТП аумағында рұқсат қағазсыз жүруге;
  2. турмаршруттан шығып кетуге, арнайы авто тұрағынан

басқа жерде көлікті қалдырып кетуге, суқоймаларының

жағалауларында авто көлікті тұраққа қоюға жəне жууға;

  1. моторлы қайық, катер, скутер пайдалануға;
  2. от жағуға жəне тағам дайындауға, белгіленген жерлерден

басқа жерлерде тұрақтар жасауға жəне шатырлар тігуге,

қоқсытып, ластауға;

  1. суға түсуге, арнайы рұқсатсыз жəне белгіленген жерден

басқа жерлерде балық аулауға , жануарлардың

мазасын алуға, аң аулауға, ұяларды, індерді бұзуға, ағаштар мен

бұталарды сындыруға, гүл, саңырауқұлақ, жеміс- жидектер

жинауға;

  1. тарихи жəне мəдени ескерткіштерді бүлдіруге, жазбалар

жазуға, тастарды алып кетуге, күртелерді, көрсеткіштерді,

панноларды сындырып, бүлдіруге;

 

Контакты

 

 Біздің байланысымыз:

«Алтынемел » МҰТП орталық кеңсесі

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы, Асқарбек

көшесі 73.

тел/факс: 8(72840) 45209 (қабылдау бөлімі),

е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;

моб: 8 705 610 25 11 (туризм бөлімі);

«Алтынемел» МҰТП-ң Алматы қаласындағы кеңсесі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 132үй Панфилов көшесінің қиылысы №305А кеңсесi.

тел.: 8(727) 312-45-45

моб: 8 777 801 96 70

е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қалай рұқсат қағазды алып  ұлттық паркке өту керек?

№1 және №3 туристтік маршрут бойынша бару үшін рұқсат қағазды Алматыдағы кеңсе арқылы сияқты, МҰТП орталық кеңсесінен де алуға болады, бұл ретте кіру Басши ауылы арқылы жүзеге асырылады;

 

№2 турмаршрутқа рұқсат кағазды  Алматыдагы кеңседен алуға болады, кіру Шеңгелді ауылы арқылы жүзеге асырылады;

 

Тура өтуге ұлттық парк аумағында рұқсат болмағандықтан (ұлттық парктің ортаңғы бөлігі қорықтық зона болып табылады), туристтер бір уақытта тек №1 және №3 турмаршруттарға бара алады. №2 турмаршрутқа бөлек кіріп шығу керек.