«Парктер шеруі 2020» экологиялық акция аясында онлайн түрінде «Алтын-Емел МҰТП-нің табиғаты» тақарыбында экологиялық сабақ өткізілді.


Сабақтың мақсаты:
«Парктер шеруі» экологиялық акцияның мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға «Алтын-Емел» ұлттық парк туралы жүйелі білім беру.
Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

Экологиялық ағарту мақсатында студенттерге және мектеп оқушыларына арналған  экологиялық сабақ  жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: «Алтын-Емел МҰТП-нің табиғаты».

Сабақ  мақсаты: 

  • «Парктер шеруі» экологиялық акцияның мақсатымен таныстыру.
  • Оқушыларға «Алтын-Емел» ұлттық парк туралы жүйелі білім беру.
  • Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

Саябақтар шеруінің басты мақсаты - халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына назарын аудару және осындай аумақтарға іс жүзінде көмек көрсетуі. Отандастар санасына өзіміздің табиғи және мәдени мұраларымызға деген мақтанышты ояту, халықтың экологиялық сауаттылығын көтеру болып табылады.

 

 «Саябақтар шеруі» – бұл экологияны қорғау акциясы. Оның тарихы 1990 жылдары АҚШ-та бастау алған. Халықаралық акция адам­дарды табиғатты аялауға, оның қа­жеттілігін жете түсінуге және жұрт­ты осы бастамаға ұйыстыруды көздейді.

 

«Алтын-Емел» МҰТП– і (ары қарай  Ұлттық парк)  Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің №416 Қаулысымен 1996 жылы 10 сәуірде құрылды. Ұлттық парктің орналасқан жері - Алматы облысы Кербұлақ ауданы. «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабынан Капшағайдың жағасына дейін көтеріліп, Жоңғар тауларының оңтүстік сілемдерінің су айрығына дейінгі тоғайлар, ормандар, шөл және шөлейт, қуаңшыл аласа тау бедерлері мен нағыз биік таулар сияқты экожүйелерді алып жатыр. Ерекше қорғалатын аумағы -  – 307 653 га  қамтиды.

 

Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында 3  туристік маршрут бар.

 

№1. Автокөлік-Жаяу; Басши- Ошақтас –Тораңғы сайы – Ш.Уалиханов бастауы – Айғайқұм. Қашықтығы 100 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 3,5 сағат .

 

 

№2.  Автокөлік-Жаяу; №1- ші бекет – Таңбалы тас (тастағы суреттер) – Бесшатыр қорғаны. Қашықтығы 104 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы: 5 сағ 15 мин.

 

№3.    Автокөлік-Жаяу; Басши – Қосбастау бекеті (700 жылдық ағаш) – Қату және  Ақтау таулары.  Қашықтығы 167 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 6 сағат.

 

«Айғайқұм» табиғи  ескерткіші. «Айғайқұм» Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасында тастақты жазықта орналасқан. Жалпы аумағы -240 га болатын құм негізгі екі бөліктен тұрады. Оңтүстік құмның биіктігі - 150 м, ал, солтүстік құмның биіктігі -  шамамен 100 м. Құмның пайда болу тарихы осында жиі болатын қатты желдің әсерінен деген тұжырым бар. Жылдар бойы  оңтүстіктен солтүстікке соққан жел Іледегі құмдарды Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасына ұшырып әкелген. Екі таудың ортасындағы жел айналымының әсерінен құмдар осында үйіліп, нәтижесінде үлкен құм төбеге айналған. Тағы бір қызығы, қатты желді күндері құмнан ұшақтың даусына ұқсас дыбыс шығады және құм қатты жел болса да еш уақытта өз қалпын жоғалтпайды. Осы құмның дыбыс шығаруын көптеген ғалымдар зерттеген,десек те,  олар әлі бір нақты тұжырымға келген жоқ. Құмның дыбыс шығаруына байланысты көптеген аңыздар да пайда болған.

 

Қазіргі таңда «Айғайқұм» көп халықтың таңдауы бойынша Қазақстанның жеті кереметіне енген және мемлекеттік маңызы бар табиғи ескерткіш мәртебесі берілген.

 

Б.д.д  IV – VII  ғасырға жататын ең көне ескерткіш – Бесшатыр қорғаны. Шолақ  тауының етегінде орналасқан бұл қорғандар үлкенді,кішілі, орташа 31 қорғаннан құралған. Ең үлкен қорғандар – хандарды жерлеуге арналған, оның диаметірі – 104 метр, биіктігі – 17 метр. Орта қорғандар  әскер басшылары және басқа да лауазымды тұлғаларға,  ал кіші қорғандар қарапайым әскери адамдарға арналып салынған.

    

 Қорғандарды қазып, оларды зерттегенде әртүрлі бұйымдар табылған: ыдыс-аяқтар, қалқан, қылыш, қанжар және т.б. Зерттеу барысында қорғандарды салуда олардың ішіне Тянь-Шань қарағайлары қолданылғандары белгілі болған, қорғанның жан-жағы биіктігі 2 метр болатын меңгір тастармен қоршалған.

       

Ұлттық парк аумағындағы тағы бір тарихи ескерткіштерге жататын -  тастағы таңбалар. Тастағы таңбалар сонау темір дәуірінен бастап қола, орта ғасырларды қамтиды. Суреттерге қарап, аумақта қандай тайпалардың адамдары мен олардың  тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, діни-нанымдарын байқауға болады. Суреттерде көбінде жаяу немесе қолына қару ұстаған адамдар бейнеленген. Олардың  садақпен архар, тауешкі, бұғы аулаған  және өзара қарумен шайқасқан суреттері көп таралған. Тастағы таңбалар көбіне Қараеспе, Теректі, Тайғақ және Қызылауыз сайларында шоғырланған. Осы жер сол дәуірдің адамдарна жайлы болғаның байқаймыз.

 

Ақтау тауы – ұлттық парктың тамаша табиғи жерлерінің бірі.

 

Ақтау таулары ежелгі теңіздің тартылу әсерінен пайда болған жерлер. Теңіздің тартылу нәтижесінде көптеген әдемі сайлар, шатқалдар пайда болған. Әсіресе, түрлі-түске боялған тау көрінісі көрген адамды басқа әлемге тап болғандай әсерде қалдырады. Тау әртүрлі бояуларға боялған,  атап айтқанда, үсті - қызыл, ортасы - қызғылт, етек жағы  - сары түсті болып келеді. Биіктігі 1000 – 1500 м, жалпы ауданы - 50 кв/км Ақтау тауы  ең үлкен кайнозой кезеңінің полеонтологиялық ескерткіші болып табылады. Бұл жерлерді зерттеу барысында көптеген ежелгі жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары табылған. Табылған қалдықтарға қарап, бұл жерлерде шамамен осыдан 50 млн жыл бұрынғы кезеңді қамтитын қолтырауын, тасбақа, алып мүйізтұмсық т.б мекен еткендері анықталған.  Толықтай сақталған бронтотерия мен үш тасбақаның қаңқалары 1995-1997  жж аралығында Қазақстан-Америка бірлескен зерттеу жұмыстары  барысында табылған. Табылған ағаш діңі, жапырақтарға қарап, бұл жердегі ағаштар қазіргі осы аймақта өсетін өсімдіктердің арғы тегі екені анықталған.

         

Қату тауы - ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған. Жанартаудан аққан ыстық лавалардың қату әсерінен бұл жерлерде әртүрлі формадағы тастар пайда болған. Сондай-ақ, бұл жерлердің рельефінің әртүрлілігіне байланысты таулар жасыл, қызғылт т.б түстерге боялған. Осындай ерекше жаратылыс тауға ерекше көрік беріп тұр. Ұлттық парк аумағында жылы су ағатын родон  бұлақтар бар. Бұл жерлерде өте үлкен тал ағаштары өседі. Родон судың емдік қасиеті бар және көп ауруларға ем деп есептеледі. Осындай сайлардың бірінде, Қосбастау бекетінде 700 жылдық алып ағаш өседі. Алып ағашты қатарынан  тұрып 10 адам құшақтай алады. Сондықтан да алып ағаш киелі болып саналады. Аңызға сенер болсақ, ХΙΙ ғасырда Шыңғыс хан өзінің орта Азияны  жаулап  алу  жорығында осында  демалған  деседі.

       

Жануарлар әлемі-  ұлттық парк жануарлар дүниесі әртүрлігімен ерекшеленеді. Парк аумағы орталық Азия (соның ішінде Қазақстан) және Сібір географиялық аймағының орталығында орналасқан. Сондықтан да бұл жерде оңтүстік және солтүстік жануарлары мекендейді. Олардың кейбірі парк аумағында миграция кезінде тұрақтайтындар. Сондықтан да, парк фаунасы биологиялық сан алуандығымен және эндемиктерімен  ерекшелінеді. «Алтын-Емел» МҰТП аумағында  - 393 жануар түрі мекендейді.  Сүтқоректілердің - 80 түрі (Қазақстан бойынша-43,5%), қолқанаттылардың - 12 түрі, жыртқыштардың - 20,  тұяқтылардың - 8,  кеміргіштердің -  36,    қоянтәрізділердің  - 2 түрі.

   

«Алтын-Емел»  ұлттық паркте - 13 жануар түрі халықаралық     «Қызыл кітапқа» - тіркелген. Қазақстанда бойынша жоғалу қауіпі төнген жануарлардың- 30% мекендейді. Жоғалып бара жатқан аңдарды сақтап қалуда парк үшін  маңызы өте зор. Өткен ғасырдың      80-ші жылдары ұлттық парк құрылмай тұрып, бұл жерге түркімен құландарының популяциясын сақтап қалу үшін 27 бас құлан әкелінген. Қазіргі таңда парк аумағында түркімен құланының ең үлкен популяцисы мекендейді.

 

 2020 жыл түркімен құландары -3585, Қарақұйрық- 5276, архар -167.

 

Құстар фаунасы. «Алтынемел» ұлттық парк  аумағында құстардың –260 түрі мекендейді. Қазақстандағы бойынша (49,4%),  соның ішінде 148 түрі тұрақты мекендейтіндер. Саны жағынан ең көп таралғандары  жыртқыш және су құстары.Себебі, паркте жабайы жануарлардың көптігі және Іле өзені Қапшағай су қоймасы құстарға жем аулауға қолайлы. Құстың -18 түрі Қазақстанның және халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Олар: ақбас үйрек, қара дегелек, жыланшы қыран, дала қыраны, бүркіт, аққұйрықты субүркіті, қарақұс, ителгі, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, бірқазан. Бұлардың барлығы Қазақстанның «Қызыл кітабындағы» құстардың 32% құрайды. Көктемгі миграция кезінде Іле өзені мен Қапшағай су қоймасына көптеген құстар жұмыртқа басу үшін немесе уақытша аялдау үшін ұшып келеді. Сондықтан да парк аумағында күз, көктем мезгілінде көп құстардың түрін көруге болады.

 

Бауырымен жорғалаушылардың парк аумағында- 24 түрі кездеседі. Оның ішінде жыланның - 8 түрі, кесірткенің - 15 түрі, тасбақаның – 1 түрі, жыланның 2 түрлері бар. Бозша жылан мен оқжылан - улы жыландар. Кесірткенің бір түрі - шұбар батпан Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.

 

Ихтиофауна. Қапшағай су қоймасы және Іле өзенінде балықтың- 26 түрі кездеседі. Көп таралғандары: тарын, жайын, сазан, балқаш алабұғысы, Іле қарабалығы.

     

Өсімдіктер әлемі - ұлттық парктегі өсімдіктердің сан алуандығы - Жоңғар Алатауының және Балқаш - Алакөл  өсімдіктер әлемінің түйіскен жерінде орналасқандығынан. Сонымен қатар, парктың ең төменгі нүктесі - 500 м, ал жоғарғысы теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр. Сондықтан парк аумағында биік таулы аумақтан бастап шөлді аумақта өсетін өсімдіктерді кездестіруге болады. «Алтынемел» паркінде -380 туыс, 84 тұқымдасқа жататын 825 өсімдік түрі анықталған. Сирек кездесетін және жойылып бар жатқан өсімдіктер -60, оның 29 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Қазіргі таңда 6 түрлі өсімдіктің тек қана «Алтынемел» паркінде өсетіні анықталған. Іле бөріқарақаты, Іле сексеуілі, Кавказ таудағаны, Альберд қызғалдағы.

        

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Алтын-Эмель»  Алматы, 2016ж.
  2. «Алтынемел» В.Якушкин-Алматы «АСА» баспа үйі», 2013ж.
  3. «Атлас» ключевых видов пустынь Казахстана, Алматы 2016ж.