Жаңалықтар

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Алтынемел» қонақ үйі Қазақстанның туристік ассоциациясының сертификаттауынан өтіліп, «АЛТЫН ДЕҢГЕЙЛІ» сертификатын иеленді

«Алтынемел» МҰТП-ның мамандары 2019 жылдың 25 маусым 3 шілде аралығында Алматы облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Текелі қаласында гид-экскурсоводтарды дайындау туралы курсқа қатысып, біліктіліктерін арттырды.

2019 жылдың 13 маусым күні Алматы облысының орталығы  Талдықорған қаласы және облыс тұрғындарына Талдықорған қаласының «Агро-техникалық колледжі» студенттерімен, «Жетісу» телеарнасымен және "Алтынемел" МҰТП қызметкерлерімен бірлескен дүниежүзілік «Саябақтар шеруі»  экологиялық акциясының мақсатын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат шараларын жүргізумен «Саябақтар шеруі – 2019» экологиялық акциясы аяқталды.

«Саябақтар шеруі-2019» экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың   11 маусым күні Кербұлақ ауданы мектептері арасында «Алтынемел» мемелекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық туризмінің дамуына, өсімдіктер және жануарлар дүниесіне бағытталған «Табиғат – ортақ үйіміз» атты аудандық экологиялық сайыс өткізілді.

«Саябақтар шеруі-2019» дүниежүзілік табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында  «Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық» атты ұранмен «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  2019 жылдың  14 мамыр күні «Таза жағалау» экологиялық шарасы өткізілді. 

«Саябақтар шеруі -2019» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың 21-22 мамыр күндері «Халықаралық биологиялық алуан түрлілік» күніне орай (22 мамыр дүниежінде атап өтілетін) «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  «Айғайқұм» табиғи ескерткішінен Шарын шатқалына дейінгі аралықта «Айғайқұм-Каньон» 250 км қашықтықта ультраэкомарафон өткізілді. Экомарафонға жалпы 85 адам қатысты, оның ішінде20-сы марафоншылар.