Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау мен көбейту, экологиялық туризм мен жергілікті тұрғындардың дәстүрлі табиғат пайдалануын дамыту есебімен 1996 жылы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырылған. Ұлттық парктің ерекше табиғаты оның орналасуында. Шығыстан батықа, Орталық Азияға созылып жатқан – Тұран және Жоңғар шөлі, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытқа қарай Қытай, Моңғолияға созылып жатқан биографиялық аумақта орналасуында. Бұндай аумақта орналасқандықтан әрқашанда биологиялық, ландшафттық ерекшеліктер болады. Соның арқасында ұлттық парктің де табиғатын сан алуан түрлі болып келеді.Бұл жерлерде 60 түрлі эндемик және жоғалу қаупі төнген өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың 29 түрі Қызыл кітапқа тіркелген. Кейбір түрлер тек ұлттық парк аумағында ғана кездеседі. Сонымен қатар, паркте Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген құлан, қарақұйрықтың ең көп популяциясы мекендейді. Паркте жыртқыш құстардың да түрлері өте көп. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Пржевальский жылқыларын табиғатқа қайта қайтару үшін сынақ жұмыстарын жасап отырған еліміздегі жалғыз парк. Ұлттық парктің табиғаты да тамаша – әйгілі «Айғайқұм», таңғажайып Ақтау, лавалардан пайда болған Қату, «Қазақстанның 7 кереметіне» енгізілген. Ақтау, Қату, Қалған тауларында ежелгі мезозой, кайнозой кезеңінің фауна, флорасының қалдықтары сақталған. Парк аумағында терминалдық, емдік қасиеті бар минералды бастау көздері бар.

 

Парк аумағында тарихи - мәдени ескерткіштер де көптеп кездеседі. Атап айтқанда, б.д.д ғғ. жататын сақ қорғандары «Бесшатыр» бар. Жалпы қорғандар, барлығы – үлкен, орташа, кіші 31 қорғаннан тұрады. Сонымен қатар, тау шатқалдарында ежелгі суреттер – петроглиф және буддалық жазулар кездеседі. Аңызға сенетін болсақ, парк аумағында Шыңғыс хан Азияны жаулап алу жорығында кешқұрым сарғайған тауды көріп таңданып, мынау «Алтынемел» деп атаған екен. Содан бері тау Алтынемел деген монғол сөзімен аталады. Атақты «Жібек жолы» керуені қазіргі парк аумағынан да өткен. 1856 жылы өзінің Қашғарға жасаған сапарында атақты саяхатшы – ғалым Шоқан Уәлиханов  парк аумағында бір бастаудың басына тоқтаған. Қазіргі таңда ол бастау ұлы ғалымның құрметіне «Шоқан бастауы» деп аталды.