МҰТП аумағында тыйым салынатындар

  1. ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;
  2. ЕҚТА орман және дала жолдарымен, арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге, тыс жерлерге автокөлікті қоюға және жууға.
  3. Су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;
  4. Арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде ошақ орнатуға, аялдау орындарын жабдықтауға, шатырлар тігуге;
  5. Торлармен және жабдықтармен балық аулауға, жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге, ұяларды, індерді бүлдіруге, ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға;
  6. Табиғат, тарих- мәдениет ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге, құрылыстарға, ағаштарға, тастарға жазулар жазуға және суреттер салуға, рұқсат етілмеген орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін шөп өсімдіктерін саңырауқұлақтар жинауға, өз бетімен мал жаюға, топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;
  7. Туристік велосипедтер мен көліктермен кіру, қонақ үйлерге орналасуға, туристер мен туристердің туристік маршруттар бойынша түнгі сағат 21:00 -ден таңғы 7:00-ге дейін жүруіне тыйым салынады;

Қауіпсіздік шаралары:

  1. Топ  гид-жолсілтеушілермен бірге жіберіледі.
  2. Туристер өздерімен бірге желден,  күннен, шаңнан, жәндіктерден  қорғайтын киімдер, яғни аяқ киім мен бас киім алып жүруі керек.
  3. Соқпақтан шығып кетпеу.
  4. жануарлардың мазасын алмау.
  5. Туристік маршруттың бойындағы объектілерді қарауға шыққанда туристер өздеріне қауіп тудыратын жағдайлардан сақ болу қажет.
  6. Әртүрлі  зиянды жәндіктер, қарақұрт, жылан т.б.
  7. тауында жауын – шашын болғанда тек рұқсат етілген қарау алаңдарында тоқтау керек.
  8. - топпен бірге болу, қалмау және топтан алысқа кетпеу;
  9. - өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын алуға, оларды іздеуге тыйым салынады;
  10. - МҰТП-н жүру ережесін сақтау;