«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыл сайын 22 наурыздан маусым аралығында «Табиғатты ойлайық, болашаққа сақтайық» атты ұранмен  «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау экологиялық  акциясы өтеді.

Экологиялық акцияның мақсаты - биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және бүкіл қоғамның назарын еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мәселелерге аударту, осындай аумақтарға іс жүзінде көмек көрсету, отандастар санасында өзіміздің табиғи және мәдени мұраларымызға деген мақтанышты ояту және оны қорғау. 

Акция аясында :«Құстар күні»  , «Жер күні»,  ағаш отырғызу,  «Таза өзендерге ­- таза жағалау»,   «Таза бұлақ»,

 экологиялық патруль, марафондар, студенттер мен  оқушылар арасында экологиялық тақырыпта сабақтар мен дәрістер, оқушылар арасында экологиялық байқау, ашық есік күндері, ұлттық парк бойынша экскурсия сияқты іс – шаралар өткізіледі.

 Сонымен қатар әкімшілік, аурухана, мектеп, балабақша ұйымдастыруымен  бірлескен түрде көгалдандыруға шақыратын экологиялық рейдтер  өткізіледі. Және де  дөңгелек үстелдер, экологиялық іс-шаралар, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.  

 

«Саябақтар шеруі» - бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) қолдау көрсету жөніндегі халықаралық іс-шара болып табылады. Осындай  экологиялық іс-шараны бірге өткізуге баршаңызды шақырамыз.